"ОҚУҒА ҚҰШТАР- МЕКТЕП" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N128 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашылары "Оқуға құштар- мектеп" жобасы аясында 3 - сынып оқушыларымен "Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай" тақырыбында талқылау жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Ертегілер арқылы тілдерін, шығармашылығын дамыту. Ертегі кейіпкерлерінің жағымды және жағымсыз мінездерін салыстыруға үйрету, жақсы мінез қалыптастыруға дағдыландыру. Тыңдауға, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға дағдыландыру.