Дебат – мол мүмкіндіктер мекені. » №128 жалпы орта мектебі»
Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №128"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
»  Дебат – мол мүмкіндіктер мекені.
08
декабрь
2023

 Дебат – мол мүмкіндіктер мекені.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Общеобразовательная школа №128тің өзін- өзі басқарудың "ДЕБАТ" фракцияның мүшелері 7-8 сынып оқушыларына дебат туралы танымдық сабақ өткізді.
🖍️Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап” (Абай Құнанбайұлы). Дебат – нақты құрылымдалған және арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пікір алмасу, екі жақтың өзекті мәселелер бойынша пікірталас. Қоғамдық пікірталастың бұл түрі дебатқа қатысушылардың бір-бірін емес, үшінші тарапты өздерінің дұрыс екеніне сендіруін қамтамасыз етуге бағытталған.
🖍️🖍️Қазіргі таңда өз ойын еркін айта алмайтын, сабақ айтқанда ұялшақтап, оқыған сабағын  ұмытып қала беретін, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы ұялы телефонға телміріп отыратын оқушылар өте көп. Мұндай оқушыларға дебатқа қатысуға кеңес беретін едік. Білім мен тәртіпті ұштастырған дебат өнері жастардың жан-жақты дамуы үшін өте қажет дүние. Ойын жүйелі, қысқа да нақты жеткізуге, сонымен қатар, қоғамдағы маңызды тақырыптарды талқылай отырып өз ой-пікірін еркін білдіруге, белгілі мәселелердің шешімін табу үшін жан-жақты ізденуге, өз позициясын дәлелдей білуге, тез арада шешім қабылдай білуге, әрбір сөзге мән беруге үйрететін интеллектуалды ойын.
 ДЕБАТ ОЙЫНДАРҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Похожие публикации:

02 ноябрь 2020 ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ
02 ноябрь 2020 БІЛІМ ЗАҢЫ
02 ноябрь 2020 БАЛА КОНВЕНЦИЯСЫ
02 ноябрь 2020 Тілдерді дамыту
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив