20
сентябрь
2024
"ТІЛДЕН ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА ЖОҚ"
"ТІЛДЕН ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА ЖОҚ"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №128 жалпы орта білім беретін мектебінде математика бірлестігі Қазақстан Халықтарының тілдері мерекесіне арналған «Тілден қымбат қазына жоқ» тақырыбында байқау өткізді.
Байқау барысында оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқыған түрлі өлеңдері ерекше көрініс тапты.
Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілін сүюге, ана тілінде таза сөйлеуге, тілге деген ынталарын жандандырып, тіл біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіріп, тәрбиелеу.
Қазіргі уақытта бәсекеге қабілетті мемлекет болу – біздің міндетіміз. Сол үшін болашақ ұрпағымыздың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеруі тиіс.
Тілдер мерекесі – еліміздің азаматтарының бірлігі, достықтың белгісі. Халықтар достастығы, өзара келісушілігі және бірлесуі – жаңа Қазақстан құрудың негізгі арқауы болып табылады.
Показать перевод
Все реакции:22