«ӨЗІҢНЕН БАСТА!» » №128 жалпы орта мектебі»
Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №128"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» «ӨЗІҢНЕН БАСТА!»
11
июнь
2025

«ӨЗІҢНЕН БАСТА!»

«ӨЗІҢНЕН БАСТА!»
 Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  N128 жалпы орта білім беретін мектебінде, 14-қазан күні “Заң және тәртіп” күніне орай Жастардың жан-жақты дамуына қандай жағдай жасау керек? Ойын еркін білдіре алатын, жан-жақты мықты тұлғаны қалыптастыру мақсатында мектеп инспекторы М.Алиеваның қатысуымен 10 сынып оқушыларымен «Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста!» атты ТЕД х форматында пікірталас өтілді. Сонымен қатар, Шымкент ҚПД Абай АПБ ЮПБ КТІЖБ аға инспекторы полиция майоры М.Т.Алиева "Құқықбұзушылық және нашақорлық  синтетикалық  есірткіге қарсы күрес» тақырыбында  жиналысын  өткізді. Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр деп айтуға болады. Оған әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі – есірткі және психотроптық заттарға қол жетімділік. Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәрімізге белгілі. Осыған орай мектептерде есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Сонымен қоса электронды темекі тарту оқушылар арасында қатты орын алып жатқаны туралы айтылды. Электронды темекінің адам денсаулығына зиян екенін айтылды. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіреді. 

Похожие публикации:

02 ноябрь 2020 ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ
02 ноябрь 2020 БІЛІМ ЗАҢЫ
02 ноябрь 2020 Тілдерді дамыту
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив